ЖАМБЫЛСКИЙ ОБЛАСТ

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2 — қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Қ.Досаев «КЕЛІСІЛДІ» «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Талас ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Төлешов » » қазан 2018 ж Талас ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы » » қазандағы № қаулысына 1 -қосымша Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Шу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Жамбыл облысының iшкi iстер департаментi Шу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері: 1) Шу ауданының Құрмет грамотасы; 2) ақшалай сыйақы; 3) құнды сыйлық.

8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Жамбыл облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Жамбыл облысы Шу ауданының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Шу ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы » » қазандағы № қаулысына қосымша Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшерi 1. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы. 2. Бағасы 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

Дереккөз  turaninfo.kz

Пікір қалдыру